Жергілікті өзін-өзі басқару ұйымының негізгі өкілеттіктері қандай?
Жергілікті өзін-өзі басқару облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл шегінде жеке жүзеге асырылады.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды жергілікті қоғамдастық мүшелері тікелей, сондай-ақ мәслихаттар мен басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы атқарады.
Облыстың, ауданның, қаланың, қаладағы ауданның, ауылдық округтің, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауылдың әкімі мемлекеттік басқару функцияларымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын да жүзеге асырады.
Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі органы – жергілікті қоғамдастық жиыны. Ол ауылдық округтерде жекелеген елді-мекенде немесе елді мекеннің құрамдас бөлігінде бөлек жиын өткізу арқылы жергілікті қоғамдастық өкілдерінен қалыптастырылады. Басым міндеттерді айқындау, оларды іске асыру мерзімі, жергілікті қоғамдастықты дамыту жоспарын келісу, әкімшілік-аумақтық құрылысты өзгерту, ауылдық округ әкімінің есебін тыңдау мәселелерінде жергілікті қоғамдастық жиынының өкілеттігі кеңейтіледі. Жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін өзі басқарудың өкілеттіктері мен жауапкершілік салаларының аражігін ажырату қажеттілігін уақыттың өзі айқындап отыр. Сондықтан ел дамуының қазіргі кезеңінде мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында өкілеттіктерді одан әрі орталықсыздандыру және жергілікті өзін өзі басқарудың пәрменді жүйесін құру қажет. Осыған байланысты мүліктік құқықтарды кеңейту және ауылдық округ бюджеттерінің кірісін ұлғайту жолымен жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін өзі басқару органдары өкілеттіктерінің аражігін кезең-кезеңімен ажырату шаралары қабылданады.
Бұл үшін тән емес, қайталанатын, жетіспейтін функцияларды анықтай отырып, мемлекеттік басқару деңгейлері бөлінісінде функциялар мен өкілеттіктерге талдау жүргізілетін болады. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша функцияларды беру, сондай-ақ оларды алып тастау, мемлекеттік басқару деңгейлері арасында, оның ішінде облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық деңгейлердегі жергілікті атқарушы органдар арасында қайта бөлу жөнінде ұсыныстар әзірленеді.
Жергілікті өзін-өзі басқару институты азаматтың, қоғам мен мемлекеттің өзара əрекеттесу механизмінің маңызды буыны, ортасында өзінің мүдделері жəне қажеттіліктерімен адам тұратын толығымен азаматтықтың дамуының жаңа парадигмасының жүзеге асырылуына жаңа жағдайлар ретінде қарастырылуы керек. Жергілікті өзін-өзі басқару институтының қалыптасуымен барлық əлеуметтік, экономикалық, экологиялық жəне ел аймағындағы өзге де мəселелердің шешімі байланысады.
Жергілікті өзін-өзі басқару қызметтері «жергілікті маңызы бар мəселелердің тұрғындармен дербес шешілуі туралы» конституциялық формулада жазылған. Алайда, мысал үшін, құрылыс туралы, көгалдандыру, коммуналдық қалдықтарды тасымалдау, жолдар жəне өзге де жергілікті мəселелерге муниципалды биліктің тағайындалуы қажет емес. Мұнда ең бастысы — билікке ие болу қатынасы, жергілікті қоғамдастықтың тұрғындар түрінде билікке жақындауы, тұрғындармен өз қажеттіліктерін тез əрі сапалы қанағаттандыру қабілеті, өз өмірлерін келесідей негізде ұйымдастыру, яғни өз мақсаттарының діңгегін өздері орнатуы, оларға қол жеткізу жолы мен құралдарын өздері анықтап, өзіндік басқарушылық құрылымдарды қалыптастыруы.
Р.А. Джумабекова — Yessenov University «МBA» оқу бағдарламасының басшысы ,
Ш.И. Косымбаева — Yessenov University
«Менеджмент» кафедрасында профессордың ассистенті
Add a Comment