post03

«Körneki» жобасы

Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы кəсіпкерлік нысандарға көрнекі ақпаратты ҚР Тіл туралы заңнамасының талаптарына сəйкес орналастыру жөнінде əдістемелік көмек көрсетуге бағытталған «Körneki» жобасын жүзеге асыруда.

Жобаның мақсаты — көрсетілген мерзім ішінде кəсіпкерлік нысандарға көрнекі ақпаратты Заң талаптарына сəйкес келтіру жөнінде түсіндіру жұмысын атқару. Нұр-Cұлтан қаласының «Алматы» жəне «Есіл» аудандарында орналасқан 2160 нысанға мониторинг жүргізу, кəсіпкерлерге көрнекі ақпарат мəтінін аудару (түпнұсқалылық) бойынша əдістемелік көмек көрсету.

Жоба Нұр-Сұлтан қаласындағы түрлі нысандардың көрнекі ақпараты мен сыртқы жарнамасындағы заңға сəйкес келмейтін мəтіндердің санын азайтуға бағытталған.

Жоба аясында 1000-нан астам кəсіпкерлік нысанға мониторинг жүргізілді. Сонымен қатар «Körneki» (telegram-бот) электрондық платформасы арқылы немқұрайлы емес қала тұрғындары жəне мемлекеттік тіл жанашырлары заң талаптарына қайшы келетін кəсіпкерлік нысан туралы ақпаратты хабарлай алады.


[v

Метки: нет меток

Add a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *