Осы жылдың қыркүйек айынан бастап Ақсу қалалық «Қазақ тілі» қоғамы Ақсу қаласының №1 қазақ орта мектебі, №2 орта білім беру мектебі, Дарынды балаларға арналған гимназиясы, Үштерек ОМ, №4 орта мектебі оқушылары үшін «Тіл- тәуелсіздік тірегі» атты дәрістер өткізіп келді.
Бұл шараның мақсаты — оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту, қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру. Тіліміздің мәртебесі жайлы кеңінен әңгімеленіп, қазақ халқының жалпы тарихы туралы айтылды. Дәрістерге Ақсу қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Сейілғазин Қабдрахман Байкенұлы, Ақсу қаласының Құрметті азаматы, Журналистер Одағының мүшесі, қоғам мүшесі Қондыкерова Светлана Қабидоллақызы, қалалық «Қазақ тілі» қоғамының хатшысы Елгонденова Гүлнар Көшербайқызы қатысты.
2023 жылы осы тақырыптағы дәрістер мен кездесулер Ақсу өңірінің барлық мектептерінде жалғасын табатын болады.
Ақсу қалалық филиалы,
Павлодар облысы
Add a Comment