620c83825ed32-1-scaled

«ТІЛ – ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ»

Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне және

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті және С.Бәйішев атындағы университеттің проректорлары мен профессорлары,

қоғам белсенділері және

зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Сонымен қатар кездесуге «Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Лариса Жұмадуллақызы Алдабергенова, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері Талғат Бекболатұлы Рамазанов және А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері Әрлен Берікұлы Сейтбатқал қатысты.

Мемлекеттік тіл саясаты,

көрнекі ақпарат құралдарындағы тіл мәселелері, латын әліпбиіне көшу, қолданыстағы терминдерге қатысты баяндамалар оқылып, ұсыныстар айтылды.

Сонымен қатар бірқатар қоғам белсенділері мен ғалымдар тіл саясатын жүзеге асыруға қосқан үлестері үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл комитеті төрағасының және облыс әкімі орынбасарының алғыс хаттарымен марапатталды.

Аталған шара Облыстық тілдерді дамыту басқармасы және Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университетінің ұйымдастыруымен өтті

Метки: нет меток

Add a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *