2022 жылғы қыркүйек айынан басталған жергілікті «Қазақ тілі» қоғамының жұмысы жоспарға сәйкес әрі қарай жалғасын табуда. Жуықта Ақсу қаласының №7 орыс мектебінде «Тіл — Тәуелсіздік тірегі» атты дәріс өткізілді.
«Тіл — Тәуелсіздік тірегі» атты дәрістің мақсаты — оқушылардың бойындағы патриоттық сезімдерін ояту, қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру. Тіліміздің мәртебесін жоғары көтеру. Оқушыларға сұрақтар қойып, ашық түрде әңгімелестік. Дәріске Ақсу қалалық «Қазақ тілі» қоғамының хатшысы Елгонденова Гүлнар Көшербайқызы, Ақсу қаласының Құрметті азаматы, Павлодар облысы «Қазақ тілі» қоғамының алқа мүшесі, Ұлт тағдыры қозғалысының үйлестірушісі Қондыкерова Светлана Қабидоллақызы, қоғамның қалалық филиалының мүшесі Оразбай Зина Жұманқызы қатысты.
Павлодар облысы,
Ақсу қалалық филиалы