b80e705e-6423-4436-8a5a-997c7dbe5867

«Сауатты жарнама»

Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен жергілікті «Қазақ тілі» қоғамы бірлесіп, 2023 жылғы 11 қаңтар күні жеке меншік кафелерге, асханаларға барып, «Сауатты жарнама» атты акция жүргізді.
Акция мақсаты — ҚР «Тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, ас мәзірлері, нұсқағыштар және басқа да көрнекі ақпараттар мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда орыс тілінде және (немесе) басқа тілдерде де жазылу керектігін түсіндіру.


Акция аясында «Бонаппетит», «Тихая гавань», «Лабиринт», «Весна» тамақтану орындары, «Достық» базарының ішіндегі 7 асхана қамтылып, түсіндірме жадынамалары таратылды. Алдағы уақытта барлық жеке меншік мекемелерде «Сауатты жарнама» акциясы жалғасын табатын болады.

Ақсу қалалық «Қазақ тілі» қоғамы,

Павлодар облысы

Add a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *