305965818_1229012731282559_2532938985295081065_n (1)

Құндылықтар әлеміндегі А.Байтұрсынов шығармаларының ерекшелігі

Құндылықтар әлеміндегі А.Байтұрсынов шығармаларының ерекшелігі (А.Байтұрсынов – ұлттың рухани көсемі)

Тілдер күніне орай, Жаңаөзен «Білім-Инновация» лицей-интернатында Ұлттың рухани көсемі А. Байтұрсыновтың шығармаларының ұлттық құндылықтар әлеміндегі ерекшелігін таныту. Шығармаларының ұлттық мәнін ұғындыру. Бір шаңырақ астындағы бүгінгі мереке – ұлттың рухани көсемі – А. Байтұрсынов шығармашылығына арналады. Бүгінгі күн – ұстаз есімін ұлықтау – ел Тәуелсіздігі мен дамуының, ұлттық құндылықтар мен ұлт мұратының жүзеге асуындағы ақынның 150 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО көлемінде тойлауы — Әлемдік аренадағы ұлы жаңалық. Бір басына сан түрлі қасиет пен қайраткерлік дарыған қозғаушы күштің ерекшелігі талдау;

1)Ахмет – лингвист ғалым. Өйткені ол — тіл ғылымының атасы, тіл жанашыры

2)Ахмет – ұлттық әдебиеттану ғылымының, журналистиканың негізін салушы. Өйткені ол – үнемі қозғалыс үстінде жүретін, ізденістен ләззат алатын жасампаз тұлға

3)Ахмет – ұлт ұстазы Өйткені,оның еңбектері ұлт жүрегінен орын тапқандықтан туған халқы — “Ұлттың рухани көсемі” деп атады

4) Ахмет – ұлттық әліпби мен емле реформаторы.Өйткені ол – тұтас бір қауымның ұлттық мүддесін, яғни сол ұлттың болашақтағы мүддесін проекциялап, оны дамытуға үлес қосқан ұлы тұлға

5) Ахмет – алғашқы әліппе авторы. Өйткені ол – ұрпаққа ана сүтімен бойға даритын ана тілін үйреткен тұлға

6) Ахмет – ақын, философ. Өйткені, ақын өлеңдері кезінде халықты “Маса” боп, оятып, надандықтан серпілуге күш – қуат берген ұлы тұлға.

7) Ахмет – мәдениеттанушы – саясаткер. Өйткені ол – күллі қоғамды, тұтас этносты жаңа сападағы деңгейге шығаратын қуатты идея иесі.

8)Ахмет – педагог, ұлт зиялыларын тәрбиелеген ағартушы – ғалым.

Өйткені ол – мақсатына жету жолында өз ісіне адал, орасан махаббат пен жанкештілік иесі

9) Ахмет – қоғам және мемлекет қайраткері. Өйткені ол – Тәуелсіз Қазақстанның әлем халықтары алдындағы бет – бедері, ұлт көсемі.

II Дұрыс айтасыңдар, ұлт көсемі сіздерді бүгінгі күн Даналық әлеміне қарай жетелейді. Ақынның «Оқу туралы» өлеңінде:

Балалар, бұл жол басы – даналыққа

Келіңдер, түсін байқап, қаралықта.

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп

Соларды көре тұра қалалық па?!

Даналық-өшпес жарық, кетпем байлық

Жүріңдер, іздеп тауып алалық та! – деп, Сіздерді Даналық жолына шақырады. Сол даналық жолды таңдаймын десеңіздер, төменгі сұрақтарға жауап беріп көріңдерші:

1.Ауыз әдебиетін 5 топқа бөліп, жіктеген ғалым кім?

2.«Тіл жұмсар» еңбегі қай кез жарыққа шықты? 1928ж.

3.А.Байтұрсыновтың бізге жетпеген еңбегі қалай аталады? (Мәдениет тарихы)

4. Қазақ тілінің фонетикалық, грамматикалық құрылымын талдаған ақын еңбегі – «Тіл құрал»

5.«Қазақ» газетін ұйымдастырған қала аты – Орынбор

6.«А.Байтұрсынов 50-ге толды» мақала авторы – С.Сейфуллин

7.А.Байтұрсынов мақалалары жарияланған журнал – Айқап

8.А.Байтұрсынов ақталған жыл – 1988ж.

III Ендеше, даналық жолындағы білімдеріңді қалай көрсете аласыңдар?

1 Еркебұлан. Мен ақын шығармаларын бастапқы сәтте өмірбаянын хронологиялық кестеге салып дайындалған болатынмын

(Ақын өмірін «Ахмет өмірі – өнегелі өмір» тақырыбында қорғады)

2 Сүйіндік. Ш Ақын «Тіл құрал» еңбегінде «Дүниедегі жұрттың тілі негізі 3 ке бөлінеді: түбіршек тіл, жалғамалы тіл, қопармалы тіл.Түбіршек тіл түпкі қалыбынан өзгерілмей жұмсалады.Оған қытай, жапон тілі кіреді…»

3. Данияр. Қазақ терминологиясы туралы.Ахмет бастауымен жасалған термин сөздер жасалуын қазіргі өмірмен байланыстырды

4. Мирас Алаш қозғалысы туралы баяндады

5. Нұрасыл «Әдебиет танытқыш – құнды мұра»

6. Ерасыл.Мысалмен өрілген ойлар «Қырық мысал – аударма басы»

7. Сұлтан. Көсемсөз – замана сыры

IV. «Болмасаң да, ұқсап бақ» Кімге ұқсағың келеді?

1. Исатай.Менің Ахметтен алған әсерім: Ғалымның азаматтық тұлғасы, Отансүйгіштігі, елім деп соққан жүрегі бізді осындай бақытты күндерге, даналық әлеміне алып келді.Мен тұлғаны «Қазақтың ардақты азаматы» деп қадірлеймін

2. Ғалымжан. Біз Ахметті бүгін танып қоймаймыз. Өмір бойы оқимыз. Бүгінгі ЮНЕСКО көлемінде бізде Ахметке арнап мақала, өлеңдер жазамыз. Жарқын тұлғаны ұлықтау – азаматтық борышым

3. Диас Ұлы Абай атам: «Болмасаң да ,ұқсап бақ» -дейді ғой.Баршамызда бүгінгі ынтымақтастық әлемінде Ахметті қадір тұтамыз, ұқсап бағамыз.Еңбектерін оқып, санаға құямыз.Біз қашанда Ахметпен біргеміз.

Кеш соңы «Қазағым менің» әнімен аяқталды

Метки: нет меток

Add a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *