5 қыркүйек күні Халықаралық қазақ тілі қоғамы, Алматы ауданының әкімдігі мен Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасымен бірлесе отырып, Ахмет Байтұрсынұлы көшесінде көрнекі ақпараттың заңға сәйкестігіне мониторинг жүргізді.
Мониторинг аясында кәсіпкерлік нысандарға заң талаптары түсіндіріліп, консультациялық-әдістемелік көмек көрсетілді.
Бірқатар кәсіпкерлер мониторинг аясында заңға қайшы келетін көрнекі ақпаратты алып тастады.
‼️ “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” ҚР Кодексінің 75-бабына сәйкес:
Деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру жөнiндегi талаптарды бұзылса:
1. Ескерту
2. Қайталанса айыппұл салынады:
- 5 АЕК — шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға;
- 10 АЕК — орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне;
- 25 АЕК — iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне.
Жоба Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен ұйымдастырылуда.
Add a Comment