2022 жылдың маусым айында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Атырау облысындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту жобалық кеңсесінің қызметін ұйымдастыру» жобасын ұйымдастыруда. Жобаның мақсаты – Қазақстан Республикасы Президентінің саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы Жарлығын орындау үшін бұрын тыйым салынған немесе әлі күнге дейін белгісіз, ұмытылған деректерді, фактілерді, қуғын-сүргіннің түрлері мен тетіктерін анықтау, ауылдық округтер мен ауылдарда қуғын-сүргін орталықтарын (орындарын), сондай-ақ олардың санын, аттарын, осы проблемамен байланысты басқа да ақпаратты анықтау, құрбандарын (отбасы мүшелерін, туыстарын) анықтау, оларды талдау және жергілікті жерлерде мемлекет басшысының Жарлығын толыққанды іске асыру үшін ұсыныстар әзірлеу мақсатында өңірлік комиссияның жұмысын ұйымдастыру және жұмыс топтарын құру. Жоба Атырау облысының беделді ғалымдарының басын қосып, қазан айында үлкен конференция өткізілді.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу
2022 жылдың маусым айында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Атырау облысындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту жобалық кеңсесінің қызметін ұйымдастыру» жобасын ұйымдастыруда.
Share