Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жаңаша қадамы – «Көрнекі» жобасы

Қоғамның басты жұмыс тәсілі нақты мәселелерді шешу үшін жобалар әзірлеп, соларды іске асыру болып табылады. Солардың бірі «Көрнекі» жобасы, бұл жоба 2021 жылы қоғам төоағасы Берік Әбдіғалидың бастамасымен Мәжіліс депуттары кірісіп, Көрнекі ақпарат туралы заңды толықтырып, түзетілген соң басталды. Бұл заңға Мемлекет басшысы 2021 жылғы 29 желтоқсанда қол қойған.

2022 жылдың басы қоғам үшін екі тарапта жұмыс атқарудан басталды: біреуі қоғамның құрылымдарын жандандыру мен қайта құру, екіншісі тілге қатысты мәселелер бойынша жобалар әзірлеп қолға алу.

Жобаның мақсаты — Қазақстандағы  көрнекі ақпаратқа қатысты заңдардың орындалуын қамтамасыз ету арқылы жергілікті қоғамдық орындардағы көрнекі ақпараттың сапасы мен санын жетілдіру. Жобаны іске асыру арнайы дайындықтан басталды: қажетті зерттеу жұмыстары мен серіктестерді тұтынушылар заңнамасын, сондай-ақ коммерциялық құрылымдардың көзқарасы мен қолдауы қарастырылды.

Жобаның басты көрсеткіштері

«Көрнекі» жобасысына 100-ден аса ерікті жұмылдырылды

Республика бойынша 200-ге жуық адамға онлайн-семинар өткізілді

Астана қаласы бойынша 1600-ден аса заң бұзу фактілері анықталып, кәсіпкерлермен жұмыс жүргізілді

Астананың «Алматы» жəне «Есіл» аудандарында орналасқан 2000-нан астам нысанға мониторинг жүргізілді

2000-нан аса кəсіпкерлерге көрнекі ақпарат мəтінін аудару (түпнұсқалылық) бойынша əдістемелік көмек көрсетілді

Көрнекті орындардағы тұтыну ақпараттарында қазақ тіліндегі  қате мен заң бұзу фактілеріне фотофиксация жасалды

Заң бұзу фактілермен арнайы штаб жұмыс жасады

Бизнес нысандарына көрсетіп, түзетілуі талап етілді

Мәтінді ақысыз түрде түзетіп,  кәсіпкерлерге құқықтық ақпарат берілді

Жаңалықтар

1 новость

kazlenta.kz

В Костанайской области активизировалась работа по усилению престижа государственного языка
2 новость

baq.kz

Қостанайда мемлекеттік тілдің мәртебесі асқақтамақ
3 новость

kostanaytany.kz

Бүгін "Қазақ тілі" қоғамының Қостанай облысындағы филиалында алқалы жиын өтті. Ақпарат мына сайттан алынды
4 новость

adyrna.kz

«Қазақ тілі қоғамының» жаңаша қадамы - «Көрнекі» жобасы
6 новость

kazgazeta.kz

Көрнекі ақпараттағы қазақ тілі: он мыңнан аса шағым түскен
5 новость

egemen.kz

Көрнекі ақпарат қатесіз жазылуы тиіс