Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» ҚБ-нің Павлодар облысы бойынша филиалдары туралы мәлімет
Реті | Филиал атауы | Әділет органында тіркелуі | Кеңсесінің мекенжайы | Төрағасы |
1. | Павлодар облыстық Филиалы | Әділет органында тіркелген | Павлодар қ., Мәшһүр Жүсіп көшесі 35/1 | Асыл Әбішев |
2. | Павлодар қалалық Филиалы | Тіркелген жоқ | — | Айбек Оралхан |
3. | Екібастұз қалалық Филиалы | Әділет органында тіркелген | Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 51 | Гүлбаршын Сейітова |
4. | Ақсу қалалық Филиалы | Әділет органында тіркелген | Ақсу қаласы, Әуезов көшесі, 8 | Қабдрахман Сейілғазин |
5. | Аққулы аудандық Филиалы | Әділет органында тіркелген | Аққулы ауданы, Аққулы селосы, Ә.Баймолдин көшесі, 1 | Айсұлу Бижанова |
6. | Май аудандық Филиалы | Әділет органында тіркелген | Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе селосы, М.Мәметова көшесі, 38/3 | Ханбек Адамжанов |
7. | Железин аудандық Филиалы | Әділет органында тіркелген | Железин ауданы, Железинка селосы, Квитков көшесі, 7 | Алтын Каримова |
8. | Тереңкөл аудандық Филиалы | Әділет органында тіркелген | Тереңкөл ауданы, Тереңкөл селосы, Тургенев көшесі, 77 | Қамзин Ербол Аманғазыұлы |
9. | Баянауыл аудандық Филиалы | Әділет органында тіркелген | Баянауыл ауданы, Баянауыл селосы, Қ.Сәтбаев көшесі, 47 | Мұсабек Сейсенбекұлы |
10. | Ертіс аудандық Филиалы | Әділет органында тіркелген | Ертіс ауданы, Ертіс селосы, Бөгембай көшесі, 99 | Маненов Самат Маненұлы |
11. | Ақтоғай аудандық Филиалы | Әділет органында тіркелген | Ақтоғай ауданы, Ақтоғай селосы, Абай көшесі, 77 | Аңсаған Хусайынұлы |
12. | Успен аудандық Филиалы | Әділет органында тіркелген | Успен ауданы, Успен селосы, Милевский көшесі, 65 | Бекенов Бейбіт Жолжанұлы |
13. | Шарбақты аудандық Филиалы | Әділет органында тіркелген | Шарбақты ауданы, Шарбақты селосы, В.Чайко көшесі, 37 | Естаева Гүлжан Ахатқызы |
14. | Павлодар аудандық Филиалы | Әділет органында тіркелген | Павлодар ауданы, Заря ауылы, Иса Байзақов көшесі, 7/2 | Баткеев Бақытбек Тілеубайұлы |
- Облыс орталығы – Павлодар қаласы бойынша Филиал бұған дейін болмай, жаңадан құрылып жатқандықтан, оны құру жөнінде отырыстар өтіп, хаттамалар толтырылып, Республикалық ұйым тарапынан төрағасына бұйрық шығарылып, Сенім хат берілген. Мұнда тек Филиалды Әділет органына тіркеу процесі ғана қалды.
- Биылғы, 2022 жылдың көктем, жаз және күз айларында Облыстық Қазақ тілі қоғамы Филиалының және Мәдениет, тілдерді дамыту басқармасының өкілдерінен құралған топ өңіріміздің барлық қалалары мен аудандарына кесте бойынша арнайы сапарлап, барлық Әкімдермен бетпе-бет жүздесіп, «Қазақ тілі қоғамының» жұмысын қайта ұйымдастыру, жандандыру, қажеттіліктермен жабдықтау жөнінде мәселелерді жан-жақты қарастырды. Нәтижесінде барлық аудан-қалалардың (Павлодар қаласынан өзге) филиалдарын ұйымдастыру (төраға сайлау, тіркеу) жұмыстары жүргізіліп, мүмкіндігінше кеңсемен, жабдықтармен қамтылып, филиалдардың басым бөлігі осы күзден бастап қана нақты іске кірісіп жатыр.
- Павлодар облысы бойынша Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» ҚБ Филиалдары мүшелерінен кейінгі жылдарда ешқандай мүшелік ЖАРНА жиналмаған, қазіргі күні де жиналмайды. Сондықтан жарна мәселесі — біздің өңір үшін әзірге жабық тақырып.
- «Қазақ тілі қоғамы» ҚБ Павлодар облыстық филиалы бойынша төрағаның орынбасары мен хатшысын бекіту мәселесі екі апта бұрын ғана жүзеге асты. Облыстық Филиал төрағасының орынбасары ретінде Жалпыұлттық «Егемен Қазақстан» газетінің Павлодар облысы бойынша меншікті тілшісі Мұрат Қапанұлы Аяғанов, хатшы ретінде «Алдаспан» ҚБ төрағасы, «Тұран» садақ ату орталығының жетекшісі Амангелді Қайратұлы Егінбай сайланды. Олардың жұмыс ауқымын бекіту мен нақтылау әзірге жүзеге асырылуда.
- Осы жылдың қыркүйек айында «Қазақ тілі қоғамы» ҚБ Павлодар облысы бойынша Филиалының құрамына жаңадан 10 адам қабылданып, мүшелік билеттер табысталды. Олардың басым бөлігі өңірдегі қоғамдық бірлестіктердің төрағалары мен белсенді жастар. Алдағы уақытта құрамды одан әрі сапалы тұрығда, соның ішінде креативті ойлап, әрекет ете алатын, жаңа заманның технологиялық талаптарын меңгерген, нақты жобаларды ұсынып, жобаларды жүзеге асыруға қабілеті зор, азаматтық ұстанымы асқақ жастармен толықтыру көзделген. Қоғамның әр мүшесіннің әлеуетін тиімді пайдалануға маңыз беріліп отыр.
- Қазақ тілі қоғамының Павлодар облысындағы Филиалдарының нақты жобалармен жұмыс мәселесі келер жылдың қаңтар айына белгілеген арнайы жиында жан-жақты талқыланып, қарастырылып, нақты ұсыныстар бойынша облыстың жылдық жоспары түзілетін болады.
- Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» ҚБ Павлодар облыстық Филиалы соңғы үш жылда ешқандай мемлекеттік тапсырыстарға қатысқан жоқ, бюджетпен қаржыландырылған жоқ, яғни қаражат операциялары болған емес. Жүзеге асатын шаралардың барлығы әзірге өз күшімізбен, қоғамдық бастамалар негізінде өрілуде.
- Алдағы уақытта «Қазақ тілі қоғамы» Павлодар облыстық филиалының өкілдерін Павлодар облысының басшылығы арнайы қабылдауға уәде етіп отыр. Түйіні тарқатылмаған барлық мәселені сол ортада талқылауға, бірлесіп жүзеге асырар жұмыс бағыттарын пысықтауға бейілдіміз.
Павлодар облысында қоғамның 500-ден астам мүшесі бар
Жыл басынан өңірдегі филиалдардың ұйытқы болуымен 30-дан астам іс-шара ұйымдастырылды. Соның ішінде Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына және Тілдер айлығына арналып облыстың бірнеше аудан-қаласын қамтыған «Тіл мен Рух — ұлттың күретамыры», Тәуелсіздік күніне арналған «Рухым барда бойымдағы сөнбейді от!» атты бірлескен шараларын ерекше атап өтуге болады.