“Сазген сазының” сазды үні Орынбор төрінде шырқалады
Жуырда “Сазген сазы” фольклорлық-этнографиялық ансамблінің “Ғасырлар сазы” атты концерті Орынборда өткізілмек. Әлбетте, Халықаралық қазақ тілі қоғамы да бұл шараның өтуіне мұрындық болған қолдаушылар тізімінде бар екендігі сөзсіз.
“Сазген сазынан” қазақ руханиятының бүгінгі болмысын айқын аңғаруға болады. Ұлттық құндылығымызды паш ететін ұл-қыздарымызға сәттілік тілей отырып, баршаңызды 19 қараша күні сағат 17:00-де Ресейдің Орынбор қаласында өтетін осы рухани кешке қатысуға шақырамыз!
Келіңіздер, көріңіздер!
Add a Comment