hat

Хат үлгілері

Хат үлгілері және заң түсіндірмесі төмендегі сілтемеде НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Хатты мейрамхана я дүкен админіне, директорына ұсынғанда қол қойдырып алған жөн, бұл оның хатпен танысқанын растауы үшін. Кейін сотта қажет болады. Болмаса пошта арқылы тапсырыс хат (заказное письмо) түрінде жолдайсыз, сол хатты мейрамхананың өкілі курьерден алғаны туралы қол қояды әдетте. Тіпті болмаса, қол қоюдан бас тартады деп ойласаңыз, сөйлесіп тұрғанда фото, видео, аудио жазып алыңыз (өзіңіз диктофон қосып алыңыз, ал қасыңыздағы біреу видеоға жазып алса болсады). Хатты екі үлгіде жазыңыз. Біреуі өзіңізде қалуы керек. Хатты толықтай қаламмен жазып шығуға болады. Қол қоятын жердегі “Тұтынушы қолы”, “Мекеме өкілінің қолы” дегенді жазбаса да болады. Осы наразылық хаттың өзі-ақ көрнекі ақпаратты қазақшалау үшін жеткілікті болуы керек. Дөрекі болмаңыз! Сыпайы сөйлесіңіз!
korneki

Қазақшасы жоқ көрнекі ақпарат байқадың ба?

Қазақшасы жоқ көрнекі ақпарат байқадың ба?
Суретін Көрнекі ботқа жібер!

Көрнекі бот арқылы:
Сіз қазақша мәзірі/маңдайшасы/баға көрсеткіші жоқ нысанның мекенжайы мен суретін бізге жібере аласыз.


Құпиялық пен қауіпсіздігіңізге кепілдік береміз. Біздің бот сіз пен біздің тіл құқықтарымызды біледі және оны қорғайды. Айналаңның қазақшалануына өз үлесіңді қос!

https://t.me/kornekbot