photo_2022-11-11_19-38-12

Жергілікті өзін-өзі басқару ұйымы

Жергілікті өзін-өзі басқару ұйымының негізгі өкілеттіктері қандай?

Жергілікті өзін-өзі басқару облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл шегінде жеке жүзеге асырылады.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды жергілікті қоғамдастық мүшелері тікелей, сондай-ақ мәслихаттар мен басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы атқарады.

Облыстың, ауданның, қаланың, қаладағы ауданның, ауылдық округтің, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауылдың әкімі мемлекеттік басқару функцияларымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын да жүзеге асырады.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі органы – жергілікті қоғамдастық жиыны. Ол ауылдық округтерде жекелеген елді-мекенде немесе елді мекеннің құрамдас бөлігінде бөлек жиын өткізу арқылы жергілікті қоғамдастық өкілдерінен қалыптастырылады. Басым міндеттерді айқындау, оларды іске асыру мерзімі, жергілікті қоғамдастықты дамыту жоспарын келісу, әкімшілік-аумақтық құрылысты өзгерту, ауылдық округ әкімінің есебін тыңдау мәселелерінде жергілікті қоғамдастық жиынының өкілеттігі кеңейтіледі. Жергілікті мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін өзі басқарудың өкілеттіктері мен жауапкершілік салаларының аражігін ажырату қажеттілігін уақыттың өзі айқындап отыр. Сондықтан ел дамуының қазіргі кезеңінде мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында өкілеттіктерді одан әрі орталықсыздандыру және жергілікті өзін өзі басқарудың пәрменді жүйесін құру қажет. Осыған байланысты мүліктік құқықтарды кеңейту және ауылдық округ бюджеттерінің кірісін ұлғайту жолымен жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін өзі басқару органдары өкілеттіктерінің аражігін кезең-кезеңімен ажырату шаралары қабылданады.

Бұл үшін тән емес, қайталанатын, жетіспейтін функцияларды анықтай отырып, мемлекеттік басқару деңгейлері бөлінісінде функциялар мен өкілеттіктерге талдау жүргізілетін болады. Осы жұмыстың қорытындысы бойынша функцияларды беру, сондай-ақ оларды алып тастау, мемлекеттік басқару деңгейлері арасында, оның ішінде облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық деңгейлердегі жергілікті атқарушы органдар арасында қайта бөлу жөнінде ұсыныстар әзірленеді.

Жергілікті өзін-өзі басқару институты азаматтың, қоғам мен мемлекеттің өзара əрекеттесу механизмінің маңызды буыны, ортасында өзінің мүдделері жəне қажеттіліктерімен адам тұратын толығымен азаматтықтың дамуының жаңа парадигмасының жүзеге асырылуына жаңа жағдайлар ретінде қарастырылуы керек. Жергілікті өзін-өзі басқару институтының қалыптасуымен барлық əлеуметтік, экономикалық, экологиялық жəне ел аймағындағы өзге де мəселелердің шешімі байланысады.

Жергілікті өзін-өзі басқару қызметтері «жергілікті маңызы бар мəселелердің тұрғындармен дербес шешілуі туралы» конституциялық формулада жазылған. Алайда, мысал үшін, құрылыс туралы, көгалдандыру, коммуналдық қалдықтарды тасымалдау, жолдар жəне өзге де жергілікті мəселелерге муниципалды биліктің тағайындалуы қажет емес. Мұнда ең бастысы — билікке ие болу қатынасы, жергілікті қоғамдастықтың тұрғындар түрінде билікке жақындауы, тұрғындармен өз қажеттіліктерін тез əрі сапалы қанағаттандыру қабілеті, өз өмірлерін келесідей негізде ұйымдастыру, яғни өз мақсаттарының діңгегін өздері орнатуы, оларға қол жеткізу жолы мен құралдарын өздері анықтап, өзіндік басқарушылық құрылымдарды қалыптастыруы.

Р.А. Джумабекова — Yessenov University «МBA» оқу бағдарламасының басшысы ,
Ш.И. Косымбаева — Yessenov University
«Менеджмент» кафедрасында профессордың ассистенті

photo_2022-03-15_02-33-54

«Алтын ұрпақ» халықаралық олимпиадасы

 Елордада қазақ тілі мен мәдениеті форумы өтті. Қоғамдық жобалар таныстырылған форумға ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР Парламенті депутаттары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Форумда «Түркітілдес мұғалімдер» ассоциациясының ұйымдастыруымен өткізілген «Алтын ұрпақ» — Golden generation халықаралық топтық кіріктірілген пән олимпиадасының презентациясы да таныстырылды. 3 жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп отыратын олимпиаданы халықаралық қазақ тілі қоғамы қолдаса деген тілек те жеткізілі. 

Расымен, қазір мұндай білім бәйгелерінен көз сүрінеді. Бірақ, бұл байқаудың жөні бөлек, мақсаты да айқын. Анығында, басты мақсат – оқушылардың танымдылығын, дағдылық қабілеттерін арттыра отырып, жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасынан дарынды және талантты балаларды анықтау, сондай-ақ, шетелдегі қазақ балаларының қазақ тіліне деген қызығушылығын тудыру болатын.

Әлбетте, мұндай маңызы ауқымды шараға атсалысудан Халықаралық қазақ тілі қоғамы да кенде қалмақ емес.  Аталмыш ұйым басты серіктес ретінде осы олимпиаданың академиялық талаптарға сәйкестігін қадағалап, шетелдегі қазақ қауымдастығымен байланыс орнату бойынша қолдау жасауға ниетті.

Айта кеткен лазым, шетелдіктерге арналған қазақ тіліндегі олимпиада алғаш рет 2019 жылы №81 мектеп базасында ұйымдастырылып, оған 345 оқушы онлайн қатысқан болатын. Олимпиаданың барлық кезеңіне жалпы орта білім беретін білім ұйымдарының оқушылары алдын ала білім беру мекемесінің басшысымен бекітілген сұраныс жолдау арқылы қатысты. Ұйымдастырылу деңгейі өте жоғары болған олимпиада арқылы ең бастысы қазақ тілінің халықаралық деңгейдегі дәрежесі көтерілді деп нық сеніммен айта аламыз. Оны бұған қатысқан барлық қатысушылар да, олардың ата-аналары да растайтыны сөзсіз.

          Форумда айтылған ой-пікірлер легі қашан да өзекті. Бастау алған іс-шаралар әрі қарай да сәтті жалғасын таппақ.

spotify

«Spotify аудармасы» жобасының есебі

«Spotify аудармасы» жобасының аясында 27 мамыр — 27 маусым аралығында атқарылған жұмыс бойынша есеп беру


Қызметтер атауы: Spotify мобильді қолданбасын ағылшын тілінен қазақшаға аудару.
Қысқаша сипаттама: Жоба аясында Spotify қолданбасының қазақша аудармасына жан-жақты қолдау жасап, аударамыз. Аударма дайын болғанымен, оны тарату мәселесі де маңызды. Сондықтан жоба аясында дайын аударманы қазақ тілді тұтынушылар арасында барынша таратып, насихаттау да көзделген. Таратудың тиімді жолы — ірі қазақстандық желі парақшаларында қолданбаның жарнамасын жариялау.


Өткізілу мерзімі: 2022 ж., сәуір-қыркүйек айлары
Мақсаты:

  1. Spotify қолданбасындағы қазақша интерфейстің тұрақтылығын қамтамасыз ету
  2. Spotify қолданбасының қазақша нұсқасын насихаттау
    Атқарылған жұмыс:
  3. Spotify аудармасының терминологиялық сөздігін, яғни глоссарийін әзірленді
  4. Spotify қолданбасының интерфейсін аударылды
post03

«Körneki» жобасы

Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы кəсіпкерлік нысандарға көрнекі ақпаратты ҚР Тіл туралы заңнамасының талаптарына сəйкес орналастыру жөнінде əдістемелік көмек көрсетуге бағытталған «Körneki» жобасын жүзеге асыруда.

1563425920__gil_1

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының «ҚАЗАҚ МЕКТЕБІ» жобасы

Балаңызды қазақ мектебіне беріңіз!
Бұл кезінде ұлтты сақтау үшін айтылған
ұран болса, бұл күнде ұрпаққа жаны
ашығаннан айтылатын ақыл. Сіз балаңызды
ана тілінде сусындап өссін десеңіз, алдағы
оқу жылында қазақ мектебіне беріңіз…
Балам ертең қазақтың ұлттық менталитетіне
сай тəрбие алсын десеңіз, онда бүгін
ойланыңыз!
Ескерту бізге парыз