Железин ауданының М. Дұлатұлы атындағы мектебінде «Бала тәрбиесіндегі отбасы құндылықтарының рөлі» тақырыбындағы ата-аналар лекторийі өтті.
Лекторий өткізуге «Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің Павлодар облысындағы филиал басшысы Хызыр Жанарыс мырза және Марғұлан атындағы педагогикалық институтының психология кафедрасының оқытушысы, «Сенімен болашақ» қоғамдық бірлестігінің қамқоршысы, психолог маман Рахимжанова Арай Белгібайқызы және облыстық ата-аналар қоғамдық бірлестігінің белсенді әкелері келді. Шараға мектептің ата-аналары мен аудандық «Қазақ тілі» қоғамының өкілдері, «Нұр-Ана әлемі» мұсылман әйелдер қоғамының аналары қатысты.
Лекторий ата –аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланыс арттыру және мейрімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсетуге және бала тәрбиелеуде отбасы құндылықтарының 10 кеңесіне тоқтала отырып, тәрбие сапасының аз да болса жоғарлауына, ықпал етуіне мүмкіндік тудырды деген сенімдеміз. Айтылған кеңестер әр жанұяның жеке құндылықтарын қалыптастырудың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы, әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастарды, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тәрбиенің жоғарғы үлгілерін сіңіруге ықпал етеді деген сенімдеміз.
Отбасы жалғасын табатын құндылықтар негіздерін ұмыт қалдырмай, жаңғырта түсейік, рухани болмысымызды жоғалтпайық!
Железин аудандық филиалы
Павлодар облысы
Add a Comment