photo_2022-03-15_02-33-54

«Алтын ұрпақ» халықаралық олимпиадасы

 Елордада қазақ тілі мен мәдениеті форумы өтті. Қоғамдық жобалар таныстырылған форумға ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР Парламенті депутаттары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Форумда «Түркітілдес мұғалімдер» ассоциациясының ұйымдастыруымен өткізілген «Алтын ұрпақ» — Golden generation халықаралық топтық кіріктірілген пән олимпиадасының презентациясы да таныстырылды. 3 жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп отыратын олимпиаданы халықаралық қазақ тілі қоғамы қолдаса деген тілек те жеткізілі. 

Расымен, қазір мұндай білім бәйгелерінен көз сүрінеді. Бірақ, бұл байқаудың жөні бөлек, мақсаты да айқын. Анығында, басты мақсат – оқушылардың танымдылығын, дағдылық қабілеттерін арттыра отырып, жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасынан дарынды және талантты балаларды анықтау, сондай-ақ, шетелдегі қазақ балаларының қазақ тіліне деген қызығушылығын тудыру болатын.

Әлбетте, мұндай маңызы ауқымды шараға атсалысудан Халықаралық қазақ тілі қоғамы да кенде қалмақ емес.  Аталмыш ұйым басты серіктес ретінде осы олимпиаданың академиялық талаптарға сәйкестігін қадағалап, шетелдегі қазақ қауымдастығымен байланыс орнату бойынша қолдау жасауға ниетті.

Айта кеткен лазым, шетелдіктерге арналған қазақ тіліндегі олимпиада алғаш рет 2019 жылы №81 мектеп базасында ұйымдастырылып, оған 345 оқушы онлайн қатысқан болатын. Олимпиаданың барлық кезеңіне жалпы орта білім беретін білім ұйымдарының оқушылары алдын ала білім беру мекемесінің басшысымен бекітілген сұраныс жолдау арқылы қатысты. Ұйымдастырылу деңгейі өте жоғары болған олимпиада арқылы ең бастысы қазақ тілінің халықаралық деңгейдегі дәрежесі көтерілді деп нық сеніммен айта аламыз. Оны бұған қатысқан барлық қатысушылар да, олардың ата-аналары да растайтыны сөзсіз.

          Форумда айтылған ой-пікірлер легі қашан да өзекті. Бастау алған іс-шаралар әрі қарай да сәтті жалғасын таппақ.

Метки: нет меток

Add a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *