305922713_3373557612877819_4829534047030916743_n

АХАҢНЫҢ ІЗІМЕН

Астықты аймаққа «Ахмет жүріп өткен жолмен» атты экспедиция ат басын тіреді.

Мақсаты – Ахаңнан қалған мол мұраны зерттеп жүрген ғалымдардың жаңа деректерін көпшілікке таныстыру, насихаттау.

Экспедиция құрамында Жандос Қожахметұлы, Жантас Алтайұлы , Ұлан Оралұлы, Бекжан Әбдуәлиұлы сынды ғалымдар мен Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» ҚБ ұйымдастыру және кадр бөлімінің басшысы Болат Жексенғали, «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» қоғамының басқарма басшысы Дәулеткерей Құсайынов, алашқа белгілі ақын, сценарист Ұларбек Нұрғалым бар.

Әулиекөл, Қостанай, Арқалық , Бидайық, Торғай, Ахмет Байтұрсынұлы ауылына барып, ғылыми-танымдық іс-шаралар өткізеді. Кейін ғалымдардың баяндамалары жинаққа басылып, оқу орындарының кітапханалары мен ғылыми орталықтарға табысталады.

Бүгін экспедиция мүшелері ұлт ұстазының атындағы Қостанай өңірлік университетінде алқалы жиын өткізді. Кездесуге өңірдің зиялы қауымы Әсия Беркенова, Ақылбек Шаяхмет, Серікпай Оспанов, Аманжол Күзембайұлы, Қалқаман Жақып, Алмасбек Әбсадық,мәдениет басқармасының басшысы Е.Қалмақов, университет ректоры С.Қуанышбаев, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ҚОФ төрағасы З.Санай және жергілікті оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары қатысты.

Ғибраты мол ғылыми танымдық сапарды елорда әкімдігінің тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырып отыр.

«Ахаң жүріп өткін жолмен…» экспедиция Қостанайдан шығып Арқалық қаласына аттанды.

Метки: нет меток

Add a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *